Н.Назарбаев пен Ф.Олландтың келіссөздерінен кейін бірқатар құжаттарға қол қойылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландтың келіссөздерінен кейін бірқатар құжаттарға қол қойылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Француз Республикасы Орталықсыздандыру және мемлекеттік қызмет министрлігі арасында екі елдің мемлекеттік басқару саласындағы екіжақты ынтымақтастық туралы әріптестік келісімі бекітілді. Бұдан бөлек, ҚР Энергетика министрлігі мен Француз елінің Экология, орнықты даму және энергетика министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісіміне қол қойылды. Сонымен қатар ҚР Инвестиция және даму министрлігі мен ФР Сыртқы істер және халықаралық даму министрлігі арасында тау шаңғысы туризмі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді. Мұнымен қоса екі елдің үкіметтері арасында Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесін және ғарыштық аппараттардың құрастырмалы-сынақтық кешенін жасау мен пайдалану шарттары туралы 2009 жылғы 6 қазандағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттамаға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар