Н.Назарбаев ҚР азаматтарының әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады - Р.Раджабов

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасында кезектен тыс президенттік сайлауды өткізу халықаралық құқыққа да, республикадағы заңнамаға да толық сәйкес келеді. Осындай пікірін «ҚазАқпарат» ХАА-ға Әзербайжанның жетекші сарапшыларының бірі, «3-d View» талдау агенттігінің басшысы Рауф Раджабов білдірді.

Р.Раджабовтың айтуынша, әлемдік тәжірибе президенттік мерзімнің ұзақтығы елдегі басқару формасына ғана емес, саяси режимге, демократиялық институттардың жетілуіне, сондай-ақ қоғамның саяси және құқықтық мәдениетіне де байланысты болып келеді.

Атап өткенде, ел Президенті және парламентінің өкілеттігінің мерзімдері ұқсас болуы тиіс емес, бұл қандай да бір себептермен халықтың Президент және парламентсіз қалу жағдайында елдің биліксіз қалуын болдырмау, керісінше, олар бір-бірін өзара толықтырып, мемлекеттілікті нығайтуы үшін жасалады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы республикада президенттік және парламенттік сайлауды бір уақытта өткізуге тыйым салады. Себебі Мемлекет Басшысының да, Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаттарының да өкілеттігінің мерзімдері 2016 жылы аяқталады.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін, әлемдік тәжірибеде көрсетілгендей, Президент үлгісіндегі өте мықты мемлекеттік билік керек.

«Қазақстан Республикасының қазіргі Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың аталған маңызды әрі жоғары міндетті жүзеге асыруға қауқарлы екеніне күмәнданбауға болады. Ол ел азаматтары өмірінің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. Бұған қоса, Н.Назарбаев «Нұрлы жол» дағдарысқа қарсы бағдарламасының авторы болып табылады», - деп түйіндеді сөзін Р.Раджабов.

Соңғы жаңалықтар