Н.Назарбаев көбейіп кеткен пайдасыз халықаралық конференцияларды өткізуге шектеу қоюды тапсырды - Үкімет отырысы

None
None
АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -  Нұрсұлтан Назарбаев көбейіп кеткен пайдасыз халықаралық конференцияларды өткізуге шектеу қоюды тапсырды.

Мұндай тапсырманы Мемлекет басшысы бүгін, Үкіметтің кеңейтілген отырысында жүктеді.

Бюджетті оңтайландыруға тоқталған Елбасы, «Қаржы министрлігі бюджет шығыстарын тағы қайта қарастыруы керек»,-деп тоқталды.

Біріншіден, көп шығысты, пайдасыз шараларды өткізуге қаржылық шығындарды қысқарту керек»,-деді Президент.

Осы орайда, Мемлекет басшысы мұндай шаралар елімізде көбейіп кеткендігіне ескерту жасады.

«Барлығы Қазақстанға келуді жақсы көреді. Бұл меймандарды жақсы жағдаймен қарсы аламыз. Соңғы кезде мұндай шаралар жиілеп кетті. Экономикалық ахуал жақсарып еді, толып кеткен мерейтойлар мен конференциялар, халықаралық кеңестер пайда болды»,-деді Н. Назарбаев.

Елбасының сөзіне қарағанда, министрліктер мен әкімдіктердің жоспарларында бүгінде осындай шаралар 3 мыңнан астамға жетіп отыр. «Бұндайды доғару қажет»,-деп түйіндеді Президент.

Соңғы жаңалықтар