Н.Назарбаев ҚХА-ны «Халықтық-ІРО» бағдарламасын түсіндіру жұмыстарына белсенді араласуға шақырды

None
None
АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - «Халықтық-ІРО» бағдарламасын түсіндіру жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы да белсенді араласуы керек.

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстандық жол: тұрақтылық, бірлік, жаңғыру» атты ХІХ сессиясында сөз сөйлеген ҚР Президенті,  Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Біз «Халықтық-ІРО» бағдарламасын жүзеге асыруға кірістік. «Халықтық-ІРО» нарығына 2015 жылға дейін сатылы түрде «Қазтрансойл», «КЕГОК», «Эйр Астана», «Самұрық-Энерго» «Қазақстан темір жолы», «ҚазМұнайГаз» секілді бірқатар компаниялар шығарылатын болады. Капиталистік әлемде, баяғыдан-ақ барлық азаматтар ірі кәсіпорындар акцияларын иеленеді, дивидендтер алып, пайда табады. Біз бұған дейін бұнымен айналыса алмап едік. Қазір бұны жұртшылыққа кеңінен түсіндіріп жатырмыз», - деген Н. Назарбаев, халық бұндай игі шараны түсінуі тиістігін, ал Ассамблея оны түсіндіру жұмысына жұмылуы керек екендігін атап өтті.

«Біз Қазақстанның байлығын халықпен бірге басқаруды ұсынамыз. Олар осыған қатысулары керек. «Халықтық-ІРО» жалпыбұқаралық жекешелендіру емес, бұл лайықты өмір сүрушілер үшін жасалатын жаңа үдеріс», - деді Президент.

Соңғы жаңалықтар