Н. Назарбаев -Қазақстандағы барша жетістіктің кепілі- Ю. Солозобов

None
None
амыздың 31-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Н. Назарбаев - Қазақстандағы барша жетістіктің кепілі. Бүгін елордадағы Ұлттық кітапханада ҚР Президенті Н. Назарбаевтың ағымдағы жылғы жолдауына арналған «Стратегический План - 2020: Казахстанский путь к Лидерству» атты жаңа кітаптың таныстырылымы барысында РФ Ұлттық стратегиялар институтының халықаралық жобалар жөніндегі директоры Юрий Солозобов осылай мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, Жолдау туралы кітап ресейлік жетекші экономистер, тарихшылар, саясаттанушылар ұжымымен әзірленген.

Ю. Солозобовтың айтуынша, көптеген елдер үшін Қазақстан басшысы Н. Назарбаев ұсынған стратегиялық даму моделін тиянақты зерттеу үлкен тәжірибе жинақтауға жәрдем болады. «Расында да, Қазақстанның мақтана алатын жетістіктері мол. Сонымен бірге, Н. Назарбаев секілді саясат ойшылы туралы Александр Дугин кітаптағы мақаласында Президентті заманымыздың заңғар саясаткеріне балап, «оның бастамашылдығы Ресей үшін ғана емес, посткеңестік кеңістік үшін де әлеуетті болғанын, әлі де бола түсетінін» атап өтеді. Бұнымен келіспеу мүмкін емес. Кітапта Н. Назарбаевтың Қазақстанның құрылуындағы көптеген жағдайдағы көрегендік ұстанымдары, оның ұзақ жылдар бойы өз елін гүлденуге жетелегені, болашаққа сілтеген жолдары туралы анық жазылады. Бұндай келешекке ұмтылған бастамалардың баршасы да орындалатынына күмән жоқ», деді Ю. Солозобов.

Соңғы жаңалықтар