Н. Назарбаев қазақ-түрік лицейінің 20 жылдығына орай құттықтау хат жолдады

None
None
АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада қазақ-түрік лицейінің 20 жылдығы, сондай-ақ «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қорына 20 жыл толуына орай өткен мерекелік шарада ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҚР Президенті Н. Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді. Жиын «Болашаққа бастаған жарқын 20 жыл» атты тақырыппен өткен болатын.

«Қымбатты достар, сіздерді «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қорының біздің еліміздегі қызметіне 20 жыл толуымен құттықтаймын. Қазақстан мен Түркия елдерінің бүгін де стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілген тарихи тамыры ортақ мәдени байланыстары екіжақты қатынастардың қарқынды дамуына игі ықпал етеді. Қазақ-түрік лицейлері мен Қордың басқа да оқу орындарының қазіргі табысты қызметі осы достық пен ынтымақтастықтың жарқын дәлелі. Лицейлер оқушыларының көп тілде білім алуының өткен жылдардағы оң тәжірибесі, олардың үздік сабақ үлгілері мен бәсекеге қабілеттілігін айқын көрсетіп отыр. Шәкірттердің тек соңғы бес жылдың өзінде халықаралық олимпиадалар мен ғылыми сайыстарда 220 алтын, 304 күміс, 421 қола медаль жеңіп алғаны зор мақтаныш екені сөзсіз. Білім ұясының түлектері кәсіби білікті жоғары маман болып қалыптасып, ел экономикасының дамуына және Қазақстан мен Түркия халықтарының арасындағы бауырластық байланыстарды дамытуға лайықты үлестерін қосатынына сенімін», - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Еске салсақ, Қазақстан мен Түркия елдері арасындағы қарым-қатынас тəуелсіздіктің алғашқы жылдары қарқынды дамып, еларалық келісім негізінде «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қоры құрылған болатын. Қазіргі таңда Қазақстанда жалпы саны, 29 қазақ-түрік лицейлері, сондай-ақ, еліміздің бас қаласы - Астанада және Өскемен қаласында «Нұр Орда» халықаралық білім кешені, Алматы және Тараз қаласындағы колледждер, Алматыдағы Сүлейман Демирел атындағы университет бар.

Соңғы жаңалықтар