Н.Назарбаев елдің стратегиялық проблемаларын көре білуде көрегенділігін тағы паш етті - Петко Ганчев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқына Жолдауын арнаған Президент Нұрсұлтан Назарбаев елдің стратегиялық проблемаларын көре білуде көрегенділігін тағы да паш етті, деген пікірін білдірді Елші, Еуразия геосаяси орталығының төрағасы (Болгария Республикасы) Петко Ганчев.

«Қазақстан халқына Жолдауында Президент Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі ғаламдық экономикалық және геосаяси жағдайдың нақты талдауының негізінде Қазақстан Республикасының алдағы кезеңде экономикалық және әлеуметтік саясатын түзету қажеттілігін атап өтті. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік саясатындағы қажетті түзетулер мен басымдықтарды ұсына отырып, Президент Н.Назарбаев елдің стратегиялық проблемаларын көре білуде көрегенділігін тағы да паш етті. Әлемдік тәжірибеге және Қазақстанның әсіресе 2007-2009 жылдардағы мемлекеттік дамуының жеке тәжірибесіне сәйкес Н.Назарбаев саяси шешімдер мен әрекеттерге өзгерістер енгізуді ұсынады», - деді Петко Ганчев.

Бұл жаңа экономикалық саясатты іске асыруда Президент Н.Назарбаев мемлекетке жетекші рөл береді.

Петко Ганчевтің сөзінше, ҚР Президенті сондай-ақ елдегі шағын және орта бизнеске экономикалық өсімнің факторы, жұмыспен қамту және Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартудың факторы ретінде көңіл бөліп, ынталандыруда.

Соңғы жаңалықтар