Н.Назарбаев Алматыда жеке инвестиция қаржысына салынған жаңа балабақшаны аралап көрді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда жаңадан ашылған №125 балабақшада болды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен шаһар басшысы Бауыржан Байбекті қала әкімінің орынбасары Арман Оразбаев қарсы алды.

Жаңа әлеуметтік нысан «Көктем group» компаниясының инвестициясымен швейцариялық жоба бойынша бой көтерді. Балабақша 1961 жылы негізі қаланған ескі бөбекжайдың орнына салынды. Компания өз қаржысына ғимаратты сүріп, орнына жаңа 4-қабатты заманауи ғимаратты салып шықты. Құрылыс 2015 жылдың қарашасында аяқталды.

Мұнда бұрын 120 бала бір мезетте тәрбиеленген болса, жаңғыртылған ғимарат 216 баланы қабылдай алады. Ұжымда 55 адам жұмыс жасайды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысына әл-Фараби-Достық көшелерінің қиылысында болашақта бой көтеретін әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық нысандар туралы стендтер таныстырылды.

Соңғы жаңалықтар