Н.Назарбаев Алматы әуежайын дамыту бағдарламасын жасауды тапсырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Н.Назарбаев Алматыда өтіп жатқан 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындық пен қаланың дамуы мәселелеріне қатысты

кеңес барысында Алматы әуежайын дамыту бағдарламасын жасауды тапсырды.
Бұған дейін Алматы әкімі әуежайдың сыйымдылығы өте аз екендігін жеткізді.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов бүгінде Алматы әуежайын дамытудың екі нұсқасы қаралып отырғанын айтты. Біріншіден, Қапшағай су қоймасы маңында жаңа әуежай салу қарастырылып жатыр. Оған қазір инвестор іздестірілуде. Екіншіден, қазіргі әуежайды қайта жаңғырту.

«Жаңасын салу - өте ұзаққа созылады. Қазір ең алдымен, қанша жолаушы өткізетіндігін, кететін қаржы, уақыт бәрін қарастырып, ең қолайлы нұсқасын табу маңызды. Мүмкін тағы терминал қажет болар», - деді Мемлекет басшысы.

Әуежай директорының айтуынша, әуежай мен ұшақты біріктіретін дәліз жетіспейді. Сондай-ақ, қолданыстағы екі жолақ жаңғыртуды қажет етеді.

Осыны ескере отырып, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев ҚР Инвестициялар және даму министрі мен қала әкіміне Алматы халықаралық әуежайының даму жоспарын жасауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар