Н.Назарбаев Ақмола облысындағы «Камаз Инжиниринг» АҚ-да болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Көкшетаудағы «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ-да болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің өңірдегі тілшісі.

Елбасы кәсіпорын жұмысымен танысып, ұжыммен кездесті.

«Ақмола астаналық облыс болғандықтан, жұмыс сапарымды сіздердің өңірлеріңізден бастап отырмын. Өңірде ауыл шаруашылығы, өндіріс жақсы дамыған. Әсіресе, еліміз астық өндіруден әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарында. Өңірде «КАМАЗ-Инжиниринг», «Алтынтау Көкшетау» ЖШС, «Родина» агрофирмасы» ЖШС тәрізді ірі кәсіпорындар бар. Осы ірі өндіріс орындарының айналасына шағын және орта кәсіпкерлікті шоғырландыруымыз керек», - деді өз сөзінде Мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ еліміздегі Қазақстан-Ресей біріккен компанияларының алғашқылары. Мұнда алғашқы «КамАЗ» жүк көлігі осындан тура 10 жыл бұрын, яғни, 2005 жылы конвейрден шыққан болатын. Сол уақыттан бері өндіріс орны Ресей елімен тиімді экономикалық байланыс орнатып келеді. Аталған көлікке қажетті бөлшектердің 95 пайызы осы көрші елден жеткізіледі. Кәсіпорынның жобалық қуаты 1500 жүк көлігін шығаруға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні интеграциялық ықпалдастықтың арқасында кәсіпорын жұмысы жанданып, көліктің 5 түрі құрастырылуда. Кәсіпорын өткен 2014 жылы 1254 жүк көлігін құрастырған. Сонымен қатар Мемлекет басшысы ҚХА жылына арналған «Ел тағдыры - менің тағдырым» атты республикалық форумға қатысады деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар