Н. Назарбаев ағымдағы жылдағы 70 жылдық мерейтойын мерекелеуге тыйым салды

None
None
аурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдағы 70 жылдық мерейтойын мерекелеуге тыйым салды.

Бұл жайлы бүгін Ақордада Үкімет мүшелерінің және облыс әкімдерінің қатысуымен өтіп жатқан Индустриялық даму мәселелері жөніндегі кеңесте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президенттің ешқандай мерейтойы болмайды. Егер кімде-кім 70 жылдыққа орай шараларды ұйымдастыратын болса, мен оны жұмыстан босатамын. Ешқандай да дайындық керек емес. Кәдімгі қала күнін мерекелейтін боламыз», деп атап өтті Елбасы.

Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына әзірлену керектігін қадап айтқан Н. Назарбаев: «Егер осыны орындасаңыздар, мен сіздерге алғысымды білдіремін. Сондай-ақ индустриялық бағдарламаны жүзеге асыру жалпы сыйлық болады», деді.

«Сондықтан да мерейтойға қатысты арнайы шараларды өткізудің қажеті жоқ. Осыны назарда ұстауларыңыз керек», деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар