Н.Назарбаев 2016 жылды «ЕАЭО-ның үшінші елдермен экономикалық қатынастарын тереңдету жылы» деп жариялауды ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайты Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық

экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің басшыларына үндеуін жариялады.
«Еуразиялық экономикалық одақ экономиканы дамыту үшін тұрақты жағдайлар және азаматтардың игілігі үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға септігін тигізетін маңызды интеграциялық бірлестік болып табылады. Біз Еуразиялық экономикалық одақты Еуропа мен өсіп жатқан Азия арасында сенімді көпір ретінде әлемдік экономикалық жүйеге біріктірілген ашық экономикалық қауымдастық деп көріп отырмыз», - делінген Мемлекет басшысының үндеуінде.

Н.Назарбаевтың атап көрсетуінше, «әлемдік экономика өсімінің бәсеңдеуі кезінде біздің мемлекеттеріміздің экономикалық интеграцияны дамыту, тауарлар, қызмет көрсетулер, капитал және жұмыс күшінің жалпы нарығын құру бойынша күштері әртараптандырудың және экономика өсімдерінің басты көздеріне айнала алады. Негізгі әріптестермен және жаңа өсіп жатқан нарықтармен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту Еуразиялық экономикалық одақтың бүкіл құрлықтағы рөлін арттыруға серпін болуы тиіс».

«Бұл бағытта Еуразиялық экономикалық одақ пен Жібек жолының Экономикалық белдеуін салу бастамаларының түйіндесуі, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастықты тереңдету маңызды. 2016 жылды «Одақтың үшінші елдермен және басты интеграциялық бірлестіктермен экономикалық қатынастарды тереңдету жылы» деп жариялауды ұсынамын», - деп мәлімдеді ҚР Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО үкіметінің Комиссиямен тығыз өзара ықпалдастықта аталған мәселелерді басты әріптестермен қарастырып, оларды барлығы үшін тиімді етіп шешуі тиіс екенін атап өтті. Ұлт көшбасшысы ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің әлемдік экономикада бәсекеге қабілеттілігін нығайту, бизнес-ахуалды жақсарту және инвестициялық тартымдылықты арттыру бойынша жұмыс жүргізуі қажеттігіне берік түрде сенімді.

Соңғы жаңалықтар