Н.Назарбаев: 2015 жылғы сайлау біздің ұлт болып қалыптасқанымызды көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы сайлау біздің тұтас ұлт болып қалыптасқанымызды көрсетті. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» арнасындағы «Назарбаевпен ең бастылар жайлы...» атты деректі сұхбатында осылай мәлім етті.

«Халық өзіне не ұсынылып отырғанын жақсы түсінеді, сондықтан да мен жариялаған бағдарламаны қолдап отыр. Соңғы сайлауға бірауыздан қатысуы да соның айғағы», - дей келе Елбасы бұл сайлауға қатысты барша жұртшылыққа ризашылығын білдірді.

«Ешқандай бұзушылық бұл сайлауда болған жоқ, АҚШ-тан бастап бәрі мұны атап өтті. АҚШ алғаш рет сайлау үшін халықтың кезекке тұрғанын мойындаған шығар», - деді Н. Назарбаев. Сонымен қатар, Елбасы соңғы сайлаудың еліміз үшін маңызды болғанын атап өтті.

«Саясаттанушылар түсінген шығар, мен өзім алғаш рет бізде ұлттың қалыптасқанын сездім. Қандай дінге, этносқа жататынына қарамастан халық бір адамға дауыс берді. Бәрі тең болды. Біз осы саясатты жалғастыруға тиіспіз. Осыны бәрі, қазақ та, украин, орыс та түсінуі шарт: біз осындай бірліктің арқасында ғана біртекті ұлт бола аламыз. Қазақша айтқанда, біз ұлт бола бастағанымызды осы сайлауда көрсеттік. Осы бағытта алға жылжысақ, бұл - керемет мәселе», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар