Н.Горбунов: «Қазақстанда ұлтаралық дүрдараздықтың болуы мүмкін емес»

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ұлтаралық дүрдараздықтың болуы еш мүмкін емес.

Бүгін Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай, «Алеф» Еврей мәдени-ағарту және қоғамдық-саяси қоғам» басшысының орынбасары Николай Горбунов осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат nurotan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Өзге елдермен салыстырып қарасақ, бізде тұрақтылық орнаған. Өзге елдердегі диаспоралардың өкілдерімен болатын әңгімеден соң бүгінде біздің елде ұлтаралық дүрдараздықтың болуы мүмкін емес екенін жақсы түсінеміз. Ешбір ұлтқа кемсітушілік жоқ. Өзге елдердегідей бізде ешкім ұлттық немесе конфессиялық сипатта кінә тақпайды, себебі өзара түсіністік пен өзара сыйластық орнаған», - деді Николай Горбунов.

Оның айтуынша, бүгінде жалпы республикада ұлтаралық келісімге қол жеткізілген. «Біз алға ілгерлеушілік барын байқаймыз. Бұл ертеңгі күнге деген сенімді, тұрақтылықты арттырады», - деді ол. Қазақстандықтарды Халықтың бірлігі күнімен құттықтаған ол, күш - бірлікте екенін айтып қалды.

«Біз шынымен де біртұтас халықпыз. Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Біз қазақстандықтар - бір командамыз!» деген сөзі қатты ұнайды. Барлығына ауызбіршілік, ынтымақ тілеймін, сан алуан ұлттан тұратын елдің жүзі одан сайын жарқырай түссін дегім келеді. Ынтымақпен бәріне қол жеткізуге болады», - деді өз ойын қорытқан Николай Горбунов.

Соңғы жаңалықтар