Н. Бордюжа: ҰҚШҰ елдерінде қауіпсіздік жағдайы Батыс Еуропаға қарағанда тұрақты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) елдерінде қауіпсіздік жағдайы қазіргі кезде Батыс Еуропаның кейбір мемлекеттеріне қарағанда тұрақты, деп санайды ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа, деп хабарлайды ТАСС.

«Егер жалпы қорытынды жасасақ, менің ойымша, біздің мемлекеттеріміздегі жағдай Батыс Еуропаның бірқатар елдеріне қарағанда тұрақты әрі болжауға болатындай», - деп мәлімдеді ол журналистерге.

Өткен жылы ұйымның бүкіл қызметі ҰҚШҰ құрамына кіретін елдерде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, деп атап өтті Бордюжа.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа 1992 жылы қол қойылып, 1994 жылы ол өз күшіне енген. ҰҚШҰ 2002 жылдың көктемінде құрылған. Қазіргі кезде оның құрамына Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан кіріп отыр.

Соңғы жаңалықтар