Н.Әбдібеков Сарандағы қазандық құрылысының созылуына байланысты түсінік берді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Сарандағы қазандық құрылысының созылуына байланысты түсінік берді.

«Өкінішке қарай, бұл түйткілді мәселе болып отыр. Өткен жылы мердігерге жан-жақты қолдау көрсетсек те, ол құрылысты мерзімінде аяқтай алмады. Біз құрылысты жылдамдату үшін барлық шараларды қолданып отырмыз», - деді Н.Әбдібеков тілшілердің Орталық коммуникациялар қызметінің облыста ашылған филиалындағы брифингте қойған сұрақтарына жауап беріп.

Ол қазіргі кезде мердігермен сот талқылауы жүргізіліп отырғанын атап өтті. «Егер сот даулары созылса, құрылыс тағы бір жылға кейінге қалдырылуы мүмкін. Бірақ біз мердігердің оны аяқтайтынына үміттеніп отырмыз, қазіргі кезде қосалқы мердігерлер де көмектесуде. Өкінішке қарай, оған 100 пайыздық кепілдік бере алмаймын. Онда бірқатар мәселелер бар. Бұл нысан бойынша сот сараптамалары жүргізілуде. Бірақ қандай жағдай болмасын, біз оның (қазандықты - ред.) құрылысын аяқтаймыз. Биыл болмаса, келесі жылы. Бұл нысанды аяқтайтынымызға 70-75 пайызға сенімдімін», - деп түсіндірді аймақ басшысы.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысының Саран қаласында құны 5 млрд. теңгені құраған жаңа қазандықты 2015-2016 жылғы жылыту маусымына қарай тапсыру жоспарланған еді. Алайда оның мердігері - «Павлодар қазандық зауыты» ЖШС оны мерзімінде салып үлгермеді. Оған қатысты 2015 жылдың қазан айында Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушы ретінде тану туралы арыз талап берілген. Тапсырыс берушінің ақпаратынша, мердігер құрылысты қажетті жұмыс күші мен техниканың жетіспеушілігінен мерзімінде тапсырып үлгермеді.

Соңғы жаңалықтар