Н.Әбдібеков: 2016 жылы «Астана-Теміртау» жолы тапсырылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы «Орталық-Оңтүстік» халықаралық дәлізінің «Астана-Теміртау» учаскесі тапсырылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Осы өңірдің әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков мәлім етті.

«Орталық-Оңтүстік» халықаралық дәлізі учаскесін қайта жаңғырту шаралары облыста жүзеге асырылып жатыр. Біздің облыс аумағында автокөлік жолының 653 шақырымдық учаскесі орналасқан және 2016 жылы «Астана-Теміртау» жолының аралығын тапсыру жоспарланып отыр», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, биыл облыста жалпы қолданыстағы 770 шақырым жолда жөндеу жүргізіліп жатыр. Бұл өз кезегінде жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі жолдарды 72-ден 74 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар