Мюнстердегі оқиғадан зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғы тексерілуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі Германияның Мюнстер қаласында болған оқиғадан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз қазір Германияның оңтүстігіндегі Мюнстер қаласында көліктің адамдарды басып кету оқиғасынан мерт болғандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандық бар ма, жоқ па, сол жағын тексеріп жатырмыз. Қазақстанның Германиядағы елшілігінің дипломаттары жергілікті полициямен тығыз байланыста»,-деп жазды өзінің Facebook-тегі парақшасында. ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Осыған дейін Германияның Мюнстер қаласында автомобильдің жаяу жүргіншілер тобын қағып кеткендігі хабарланды. Полиция өзінің Twitter-дегі микроблогында оқиғаның салдарынан зардап шеккендер мен мерт болғандар бар екенін жазған болатын.

Соңғы жаңалықтар