Мюнхенде Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтіп жатыр

None
None
МЮНХЕН. ҚазАқпарат - Мюнхен қаласында мәдени-гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық жобалар негізінде қазақ диаспорасының өкілдерін біріктіру мақсатында қазақтардың кіші құрылтайы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.

Жиынның негізгі тақырыбы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ережелері контекстінде ынтымақтастықты дамыту.
null

Құрылтайдың бірінші күні Еуропа елдеріндегі (Швеция, Германия, Франция) қазақ қауымдастықтарының басшыларымен өткен кездесуде алдағы міндеттер мен жоспарлар талқыланды. Кіші құрылтайдың ресми ашылу шарасы аясында «Отандастар қоры» КЕАҚ жүзеге асырып жатқан «Мәдени-іскерлік үйі» Қазақ үйі» жобасы кеңінен таныстырылып, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы тарарапынан дайындалған бейнебаяндар көрсетілді.

Құрылтайдың спикерлері - Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, «Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Сарбасов, Европадағы Қазақ қауымдастықтары және Швециядағы Қазақ қауымдастығының төрағасы Мұрат Ермиш.

Зауытбек Қауысбекұлы аталмыш шараның қазақ ұлтының бірлігін нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.

null

«Қандастарымыз Елбасының «Отандастар қорын» құру туралы ұсынысына үміт артып, қолдау білдірді. Міне, соның арқасында біз бүгін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен «Отандастар қоры» КЕАҚ бірлескен жұмыстарының нәтижесі жайлы айта аламыз. Шет елдерде тұратын қазақ диаспоралары өкілдерінің өтінішіне байланысты Ұлттық орталықтарды музыка аспаптарымен, қолөнер бұйымдарымен, ұлттық киіммен қамтамасыз ету мәселесіне орай, біз «Отандастар қорымен» бірлесе отырып, «Дәстүрлі қоржын» атты кең ауқымдағы жобаны жүзеге асырмақпыз. Бұның алғашқы бастамасын біз бүгін алып келдік, ол бірқатар қазақ ұлттық бірлестіктеріне таратылады. Шет елдердегі отандастарымызды қолдау үшін ҚР Үкіметі жанынан ведомствоаралық комиссия құрылады. «Қазақ картасын» енгізу туралы ұсыныс қолдауға ие болды. Бүгінгі кіші құрылтай ұлттық «Рухани жаңғыру» бағдарламасына өзіндік үлесін қосады деп сенемін», - деді Зауытбек Тұрысбеков.

Ұлттық бірегейлікті сақтауға, қазақ диаспорасына қатысты мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және шетелде тұратын этникалық қазақтарды шоғырландыруға жәрдемдесу мақсатында «Отандастар қоры» КЕАҚ пен Еуропадағы қазақ мәдени орталықтарымен өзара түсіністік және әріптестік туралы меморандумдарға қол қойылды.
null

Сонымен қатар, құрылтай аясында Еуропадағы қазақ мәдени орталықтарының қызметтерін ұйымдастырудың өзекті мәселелері талқыланып, шетелдегі қазақтарға арналған білім бағдармалары және «Отандастар қорының» мәдени-гуманитарлық жобаларының таныстырылымы өтті.

Құрылтайдың келесі күндері Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарының таныстырылымы, жастармен бейресми кездесу, бизнес-форум және дәстүрлі футбол турнирі өткізіледі.

Жалпы, кіші құрылтайға қазақ диаспорасының 100-ден астам өкілі, сондай-ақ, қазақстандық мәдениет қайраткерлері, кәсіпкерлер қатысты.

null

Соңғы жаңалықтар