Мюнхенде атыс салдарынан екі адам мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Мюнхен қаласында болған оқыс оқиға салдарынан екі адам, соның ішінде оқ атқан жанның өзі де мерт болды, деп хабарлайды қалалық полиция.

«Оқиға орнынан екі адамның денесі, соның ішінде шабуылдаушы мен атыс қаруы табылды», - деп жазды полиция Twitter-де.

Т-online порталының жазуынша, атыс құрылыс алаңында болған.

Полицияның хабарлауынша, қазір тұрғындарға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Тәртіп сақшылары жұртшылықты қозғалыс бағдарын қайта қарауға шақырып жатыр, себебі кейбір жолдар жабық. Тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар