+7 (701) 759 90 19
USD 429.75 EUR 507.45
RUB 5.61 CNY 63.93
Jańalyqtar

Мюнхен конференциясы: Қытай мен ЕО-ның 5G желісіне қатысты мәселесі талқыланды

2020 жылғы 15 ақпан 19:41
Бөлісіңіз:
Мюнхен конференциясы: Қытай мен ЕО-ның 5G желісіне қатысты мәселесі талқыланды

МЮНХЕН. ҚазАқпарат – Бүгін Мюнхен қауіпсіздік конференциясында ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И Қытай мен Еуропа арасындағы байланыстар бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конференция барысында өткен сессия жұмысында Қытай Сыртқы істер министріне Huawei компаниясына қатысты сауал қойылды. «Егер де Еуропалық одақ қытайлық Huawei компаниясының 5G желісі бойынша қатысуына шектеуді қабылдаса, онда Қытай қандай іс-қимылдар жасайды?» деп сұрады конференция қатысушысы.

«Көп жылдардан бері Еуропалық одақпен байланыстарды дамытып келеміз, осы уақыт аралығында әлемдегі жағдай өзгеріске ұшырады. Бізде жан-жақты стратегиялық серіктестігіміз бар және оның деңгейі жоғары. Әрине, келіспеушілік жағдайлар да кездеседі. Мәселен, бізде әртүрлі әлеуметтік жүйелеріміз бар, құндылықтарды әртүрлі қабылдайтын сәттер де кездеседі. Алайда бұл келіспеушіліктер жүздеген жылдар бұрын да болған еді. Себебі бұл айырмашылықтар біздің тарихпен, мәдениетпен байланысты», - деп тоқталды Ван И қойылған сұраққа жауап бере отырып.

Дипломаттың атап өтуінше, ЕО мен ҚХР өзара тәжірибелері арқылы бір-бірінен сабақ алуы тиіс.

«Сондықтан Қытай мен Еуропа үшін дұрыс қадам – ол ортақ прогресс пен гүлденуге жету үшін бір-біріміздің тәжірибемізден сабақ алу. Әлемге ЕО мен ҚХР-ға қатысты ынтымақтастық керек. Қытай мен Еуропа арасында қайшылық емес, керісінше ынтымақтастықтық ортақ нүктелері басымырақ деп санаймыз», - деді Ван И.

Оның сөзіне қарағанда, ҚХР мен ЕО жан-жақты стратегиялық серіктестікті құрды.

«Осы орайда Еуропа осы серіктестіктің маңыздылығын назарға алып, өзара тиімді байланыстарды қамтамасыз ету үшін бірлескен күш-жігерін салады деп үміттенеміз. Бүгінде 5G өзекті тақырыптардың бірі. Бұл тұрғыда еуропалық елдердің ұстанымы әртүрлі екенін білемін. Әрине, әрбір мемлекет ақпараттық қауіпсіздік саласында жекелей шешім қабылдайды. Дегенмен де барлық компаниялар үшін теңдей жағдай жасау керек, сондай-ақ компаниялар қызметіне әділетті атмосфераны құрған жөн болар. Бұл қадамдар нарықтық талаптар мен нормаларға сай келеді», - деді ҚХР Сыртқы істер министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT