Мысырлық жазушы қазақ қызы туралы жаңа романын таныстырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан «Заманауи әлемдегі оқу мәдениеті» ІІІ халықаралық конгресінде Мысыр жазушысы Магди Халим қазақ қызы туралы жаңа романын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Моңғол қызы» деп аталатын жаңа роман Балқаш маңында туып-өсіп, Америкаға оқуға аттанған қазақ қызы туралы әңгімелейді.

null«Кейіпкердің бет-пішініне байланысты, жаңа ортадағы достары оны «моңғол» деп атап кетеді. Ол өзінің қазақ екенін, өз елінің тарихы мен мәдениетін насихаттайды және табиғатты қорғау бойынша бастамалар көтереді. Достарын Қазақстанға әкеліп, отбасымен таныстырады. Роман соңында қазақ қызы БҰҰ мінберінде сөз сөйлеп, ойға алған мақсаттарына жетеді», - деп қысқаша түсіндірді жазушы журналистерге берген сұхбатында.

   Жазушының айтуынша, кітап бір ай бұрын мың тиражбен араб тілінде жарық көрді. Бүгінгі Конгресте ол Ұлттық академиялық кітапханаға кітаптың 10 данасын тарту етпек.

null«Кітапты өзге тілдерге аудару, роман желісімен картина мен мультфильмдер түсіру құқығын кітапханаға беремін. Мен Қазақстан туралы көп оқыдым, кей қазақтардан да артық білемін деп айтсам, артық емес. Қазақ даласына шексіз ғашықпын», - деп ағынан жарылды жазушы.

nullСонымен бірге, Магди Халим Қазақстан туралы екінші кітабын әзірлеп жатқанын жеткізді. Екінші жинақ өткен ғасырдағы қуғын-сүрін құрбандары жазаланған ГУЛАГ тақырыбына арналған.

«ГУЛАГ тақырыбын жарты жыл бойы зерттеп, архивтік құжаттармен жұмыс істедім. Оның тарихын жаңа нұсқада көрсеткім келеді. Роман желісі үш адамның хикаясы бойынша өрбіп отырады. Негізгі кейіпкерлерінің әзірге құпия болғанын қалаймын. Бүгінгі шарадан соң, ГУЛАГ орнындағы музейге міндетті түрде барамын. Музейден алған әсеріммен кітапты толық аяқтаймын», - деді М. Халим.

Соңғы жаңалықтар