Мысырлық ауыр атлет Рахимовты допинг қолданды деп айыптады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Eurosport.com хабарлауынша, 77 келіге дейінгі салмақта қоланы еншілеген мысырлық ауыр атлет Мохаммед Махмуд жарыста жеңіске жеткен қазақстандық Нижан Рахимовтың жетістігіне күмәнді екенін жасырмады.

- Бірнеше допинг бақылаудан өткеннен кейін біраз жағдай өзгеруі мүмкін. Рахимов осындай қысқа уақытта өз нәтижесін бірден жақсартуы мүмкін емес, - деді Мохаммед.

Рахимов 379 келі нәтиже көрсетіп, алтын ұтты. Мысырлық зілтеміршінің нәтижесі - 361. Күміс жүлдегер (379 келі)  қытайлық    Лю Сяоцзюнь  Рахимовтан салмағы ауыр болғандықтан, жол беруіне тура келді.

Еске салсақ, Нижат Рахимовқа байланысты 2013-2015 жылдар аралығында допинг-сынама оң нәтиже беріп, жарыстан шеттетілген.

Соңғы жаңалықтар