Мысырлық Астанада таксиге қалдырып кеткен сөмкесін тауып алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұзақ сапардан шаршаған мысырлық отбасы жұбы Astana taxi көлігінде сөмкесін қалдырып кеткен болатын. Сөмке компанияның таңертең кеңсесіне жеткізіліп, өз қожайындарына қайтарылды деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Astana taxi көлікте қалдырылған әр затты өз иесіне қайтару қағидасын ұстанады.

Компания зат көлікте қалдырылған жағдайдағы әрекет етудің алгоритмін ұсынады.

«Егер жолаушы өз затының жоғалғанын сапардан кейін бірден байқаса, сол арада тапсырыс берілген таксиге қоңырау шалып, оператормен сөйлесуі керек. Оператор өз кезегінде жолаушыны көлік жүргізушісімен байланыстыратын болады.

Жолаушы өз затының жоғалғанын сапардан біраз уақыт өткен соң байқаса, 15800 нөмірі бойынша компанияның кеңсесіне хабарласуы қажет. Жолаушы менеджерге тапсырыс берілген күнді, машинаның нөмірі мен тапсырыстың қандай телефоннан берілгендігін атауы тиіс», - деп жазылған хабарламада.

Astana taxi жүргізушілерге әр сапардан кейін көлік салонын қарап, жолаушылардың есіне өз заттарын тексеруі керектігі туралы салуға кеңес береді. Бұл қалдырылған заттарды кеңсеге апару қажеттігінен босатып, уақыт үнемделеді. Жолаушылардың да ұқыпты болғаны абзал.

Соңғы жаңалықтар