Мысырдағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - ҚР СІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мысырда туристік автобустың жарылысынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі Telegram-каналында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2019 жылғы 19 мамырда Каир қаласындағы Гиза ауданында автокөлік жолында орналастырылған жарылғыш қондырғының жарылысынан туристік автобус пен бірнеше жеңіл автокөлік жарылды. Салдарынан шетелдік туристер мен жергілікті тұрғындар зардап шекті.

Мысыр Араб Республикасы Ішкі істер министрлігінің қазақстандық дипломаттарға берген алдын ала ақпаратына сәйкес, зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ», - делінген хабарламада.

ВВС-дің хабарлауынша, Мысырдың Үлкен музейі маңында болған жарылыстан кем дегенде 16 адам жарақат алды. БАҚ-тың мәліметінше, олардың дені шетелдік туристер.

Жарылғыш зат автобус музейдің қоршауы жанынан өтіп бара жатқанда іске қосылған. Көлікте барлығы 28 жолаушы болған.

Соңғы жаңалықтар