Мысырдағы көлік апатынан 17 адам көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Мысырда шағын автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан кем дегенде 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат The National басылымына сілтеме жасап.

Мысыр полициясының мәліметінше, оқиға Сохаг провинциясында болған. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету және қаза тапқандарды тасымалдау үшін оқиға орнына 15 жедел жәрдем көлігі келді. Апат салдарынан төрт адам жарақат алып, Сохаг қалалық жалпы ауруханасына жеткізілді.

Мысырда жыл сайын жол-көлік оқиғалары салдарынан мыңдаған адам көз жұмады. Апатқа көп жағдайда көлік жылдамдығын арттыру, нашар жолдар және жол қозғалысы ережелерін сақтамау себеп болады.



Фото: thenationalnews.com





Соңғы жаңалықтар