Мысырдағы ең танымал курорт 6 метрлік қабырғамен қоршалып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысыр билігі елдің Синай түбегіндегі ең танымал Шарм-эль-Шейх курорт қаласын бетон қабырғамен қоршап жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, өңірде 2015 жылы лаңкестердің шабуылынан Ресейдің жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 224 адам қаза тапқан кейін бері курортқа келетін туристердің саны күрт қысқарған.

Қабырғаның құрылысынан алынған фотосуреттердің дәлел ретінде келтірілгеніне қарамастан, Оңтүстік Синай губернаторы бұл деректі жоққа шығарып отыр.

«Бұл қабырға емес, кім айтты сіздерге бұны қабырға деп? Бізде қабырға жоқ», - дейді губернатор Халед Фуда. Оның айтуынша, бұл жоба биік бетон тосқауылдар мен 37 километрге созылып жатқан, үстіне тікенді сым тартылған қоршауды қамтиды әрі әдемі төрт есігі де бар.

Фуда жоба Шарм-эль-Шейхтіңсәнін келтіріп, қауіпсіз етуге бағытталған деп сендіруде.

«Біз мұны болашақ үшін жасап отырмыз, ол Шарм-эль-Шейхтің туризмнен келетін табысын арттырады», - дейді ол.

Өз кезегінде, тұрғындар алты метрлік қабырға қаланы сыртқы әлемнен оқшаулап тастауы мүмкін деп алаңдап отыр.

Соңғы жаңалықтар