Мысырда туристік автобус жарылды: Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 желтоқсан күні кешке Мысырда туристер мінген автобус жарылды. Салдарынан бірнеше адам қаза тауып, 10-ға жуығы жарақаттанды. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, мерт болғандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Еuronews.com-ның хабарлауынша, Гизадағы пирамидалар кешенінен 4 шақырым жерде автобусқа лаңкестер шабуыл жасаған.

«Қуатты жарылыс болды. Ол кезде біз үйде едік. Жараланғандарға көмектесуді шештік. Бізге көршілеріміз қосылды. Артынша жедел жәрдем мен өрт сөндірушілер, полицейлер де жетті», - дейді оқиға куәгерлерінің бірі Махмұт.

Әзірге теракт үшін жауапкершілікті ешбір топ өз мойнына алған жоқ.

Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендерді әл-Харам ауруханасына алып кеткен.

Ел үкіметі Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қауіпсіздікті күшейту мақсатында қосымша шаралар қарастыра бастады.

Соңғы жаңалықтар