USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Мысырда Сұлтан Бейбарысқа қатысты көне жәдігер табылды

2021 жылғы 6 қараша 11:56
Бөлісіңіз:
Мысырда Сұлтан Бейбарысқа қатысты көне жәдігер табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мысырда Сұлтан Бейбарыс медресесі қақпасының еш жерде жарияланбаған суреті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Сүйіншілі хабарды Қазақстанның Мысырдағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф Facebook-парақшасында жазды.

«Сүйінші, ағайын! Сұлтан Бейбарыс медресесінің әшекейлі қақпасының суреті табылды.

Мысырлық мәмлүктанушылар бұрын-соңды әлеуметтік желілерде жарияланбаған аз-Захария медресесі қақпасының суретін тауып берді. Осы үшін Имад Осман Махран бастаған мәмлүктанушыларға және Мысырдың Көне ескерткіштер мен туризм министрлігінің қызметкерлеріне шексіз алғысымды айтамын», - деп жазды дипломат.

Елшінің айтуынша, 1262 жылы Айн Жалұт шайқасынан жеңіспен оралған Сұлтан Бейбарыс Каирде теңдесі жоқ жаңа үлгідегі медресе салып, оның бас қақпасын Каирдің қолөнер шеберлеріне жасатқан.

«Қақпаның маңдайшасында «Моңғол-татар басқыншылары мен кресшілерге Мысыр жерін бастырмаған әл-Мәлик аз-Заһир Рүкн ад-Дин Бейбарыс» деп жазылған. Көне Каир шаһарының төрінде осындай әшекейлі Жеңіс қақпасын орнатқан Сұлтан Бейбарыстың сәулет өнеріндегі талғамы зор болғанын айғақтайды», - деп жазды Қайрат Лама Шариф.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT