Мысырда Рамазан айындағы ең ұзын дастархан жайылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенбі күні Мысырдың жаңа әкімшілік астанасында Гиннестің рекордтар кітабына лайықты Рамазандағы ең ұзын дастархан жайылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Al-Watan басылымының хабарлауынша, үш шақырымға созылған дастарханға бір уақытта ауыз ашуға 7 мың адам жиналды. Келгендерге дәстүрлі мысыр тағамдары ұсынылды. Ауызашар аяқталғаннан кейін жаңа астананың көрікті жерлері мен салынып біткен орамдарды аралау ұйымдастырылды. Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері «Египет жаңа астанада таңғы асты бірге ішеді» ұранымен өткен бұл қоғамдық шараға қатысты.

Аджман әмірлігіндегі (БАӘ) көпшілікке арналған ауызашардың ұйымдастырушылары 2900 метрге созылған Рамазан дастарханымен рекорд жаңартуға ниеттеніп отыр. Егер жетістікке қол жеткізілсе, бұл Мысыр халқы үшін бір айдағы екінші жетістік болмақшы. Өйткені, екі апта бұрын елде әлемдегі ең жалпақ аспалы көпір іске қосылған. Гиннестің кітабына енгізілген Ніл өзеніндегі алты жолақты көпірдің ұзындығы 540 м, ені - 67,36 м.

Соңғы жаңалықтар