+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Мысырда перғауын Джосердің қалпына келтірілген көне мазары туристерге қайта ашылды

2021 жылғы 15 қыркүйек 12:27
Бөлісіңіз:
Мысырда перғауын Джосердің қалпына келтірілген көне мазары туристерге қайта ашылды

САККАРА. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Мысырда 4,5 мың жыл бұрын өмір сүрген перғауын Джосердің көне мазары қалпына келтірілген соң қайта ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат АР-ға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Қорым Джосер пирамидасының жерлеу кешені аумағында оңтүстік қабір деп аталады. Негізінен жердің астында орналасқан, онда иероглиф және тақталармен безендірілген дәліздерден тұратын лабиринт бар. Орталық қабірдің шахтасында Мысырдың үшінші әулеті дәуіріне жататын гранитпен қапталған үлкен саркофаг орналасқан.

Алайда перғауын бұл қорымда жерде емес, жақын маңда орналасқан Саккарадағы Сатылы пирамидасында жерленген. Бұл екі құрылыс елдің ең бай археологиялық ескерткіштерінің бірі – Каир жанындағы Саккара кешенінің бір бөлігі.

ЮНЕСКО мәліметінше, сатылы пирамида – ең танымал көне пирамида және көне дәуірдің монументалды сәулетінің бірінші нұсқасы. Бұл құрылыс Гизадағы пирамидалардың салынуына себерші болған деп саналады. Мысыр елінің Ежелгі дәуір мен туризм министрлігі мазардың 2006 жылы басталған реставрациялық жұмысы (жерасты дәліздерді нығайту, қабырғаларды қалпына келтіру және жарық орнату) аяқталуының құрметіне ашылғанын мәлімдеді. Сейсенбі күні мазар келушілер үшін есігін ашты.

Оңтүстік мазардан басқа, Саккара үстіртінде кем дегенде 11 пирамида, сондай-ақ ежелгі билік өкілдерінің жүздеген қорымы мен басқа ескерткіштер орналасқан. Саккара — Мысырдың Каир қаласынан оңтүстікке қарай 30 шақырым жерде орналасқан қоныс.

Саккарада Ежелгі патшалық астанасы – Мемфиса көне некрополі орналасқан. Мемфиса үйінділері 1970 жылдары ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасы тізіміне енгізілген.

Елде Мысырдың туристік секторына қызығушылық тудырту мақсатында соңғы жылы жүргізілген археология қазбалары кезінде олжалар туралы ақпарат жарияланды. Туризм саласы 2011 жылғы көтеріліс пен коронавирус пандемиясы салдарынан қатты зардап шеккен еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT