Мысырда Наурыз мейрамы тойланды

None
Фото: Мысырдағы ҚР Елшілігі
КАИР. ҚазАқпарат - Каир қаласында әз Наурыз мейрамы атап өтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мысырдағы ҚР Елшілігіне сілтеме жасап.

Қазақы дәстүріміз бойынша жас нәрестенің ата-анасының сұрауы бойынша арамыздағы ақсақалымыз Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы елшісі Қайрат Қайырбекұлы тұсауын кесіп батасын берді.


Қайрат Қайырбекұлы ҚР азаматтарын мерекемен құттықтап, өзінің «Әр мәмүлік жалғызым» атты кітабын сыйға тартты.

Сонымен қатар мерекеде Қазақстан азаматтарына арнайы наурыз көже жасалып, ақ дастарқан жайылды.


Соңғы жаңалықтар