Мысырда қазақстандық туристен коронавирус анықталды
2020 жылғы 23 қараша, 19:17

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Мысырда қазақстандық туристен коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Шарм эль Шейхте Қазақстанға ұшуы тиіс болған қазақстандық туристердің бірінен ПТР-тест тапсыру кезінде коронавирус анықталды. Ер адамда аурудың еш белгілері байқалмаған. Ол карантиндік блокқа орналастырылды. Оны медицина қызметкерлері бақылайтын болады. Науқастың жүріс-тұрысы, тамақтануы бойынша барлық шығындар сақтандыру есебінен өтеледі. Пациент сауығып шыққаннан кейін отанына жіберіледі», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне «Нефер тур» туристік компаниясының өкілі Ибрагим Елатар.
Теги:
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP