Мысырда 4,4 мың жыл бұрынғы патшайымның бейіті табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысыр археологтары шамамен 4,4 мың жыл бұрын әйел патша жерленген қабірді тапты. Бұл жайлы ВВС хабарлайды.

Мола Гиза үстіртінде, Хеопс пирамидасының оңтүстік тұсында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған.

Мысырдың ежелгі ескерткіштер жөніндегі министрлігінің хабарлауынша, Каир маңында орналасқан моланың қабырғаларындағы Хетпет патшайымның бейнелері түсірілген фрескалар жақсы сақталған.

Хетпет өнімділік құдайы Хатхорға қызмет етеді. Ежелгі мысырлықтардың нанымы бойынша, Хатхор әйелдердің босанатын кезінде жебеушісі болған.

Соңғы жаңалықтар