Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 428.94
RUB 5.93 CNY 56.70
Jańalyqtar

Мысыр үкіметі Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіруге 181 млн фунт бөлді

2019 жылғы 17 сәуір 16:12 400
Бөлісіңіз:
Мысыр үкіметі Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіруге 181 млн фунт бөлді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мысыр Араб Республикасы (МАР) Парламентінде Қазақстан Елшісі Арман Исағалиевпен өткен кездесу барысында Уақыптар министрі Мұхтар Джумаа Каирдегі Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіру үшін Мысыр Үкіметі 181 миллион фунт (яғни, 10,5 миллион АҚШ доллары) бөлгенін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұған қоса, Уақыптар министрлігі өз қаражатынан бұл жобаны тез аяқтау мақсатында қосымша 10 миллион фунт бергенін басып айтты. Бұл жаңалық Қазақстан мен Мысыр арасындағы тарихи байланыстың рәмізіне айналған қазақ даласының перзенті Сұлтан Бейбарыстың мұрасын жаңғырту жұмыстары көп ұзамай аяқталады деген сенім ұялатады» делінген хабарламада.

Мысыр үкіметі Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіруге 181 млн фунт бөлді 

2007 жылғы 28 қазанда ҚР мен МАР үкіметтері арасында қол қойылған келісім негізінде аталған мешітті реставрациялау жобасы және оның 12,0 млн АҚШ доллары мөлшерінде бюджеті бекітілген еді. Келісімге сәйкес, аталған соманың 4,5 млн АҚШ долларын Қазақстан тарапы бөлді, ал қалған бөлігін Мысыр үкіметі қаржыландыруы тиіс еді. Жоба 2011 жылдың қазанында аяқталуы керек болған, алайда Мысырдағы сол кезде болған саяси және экономикалық дағдарыс себебімен тоқтап қалған еді.
 
Мысыр үкіметі Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіруге 181 млн фунт бөлді

Мысыр үкіметі Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіруге 181 млн фунт бөлді  

2018 жылғы қазан айында, яғни 7 жылдан соң, Сұлтан Бейбарыс мешітінің реставрациялау жұмыстары қайта басталды. Жоба МАР Көне ескерткіштер министрлігі және бас мердігер «Араб контракторс» компаниясы іске асырады. Мешіттің шаңырақты бөлмелері, дәлізі, күмбезі, мұнаралары қайта көтеріліп, орталық алаң мен сыртқы қабырғалары жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жобаның техникалық бақылауын мысырлық археологтар мен тарихи сәулетшілерден құрылған арнайы комиссия жүргізеді.

Көлемі бойынша Мысырда екінші орында тұрған бұл мешіт қалпына келтірілгеннен кейін елдегі ең танымал тарихи және туристік орталықтардың біріне айналатынына күмән жоқ.


Мысыр үкіметі Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіруге 181 млн фунт бөлді 
Мысыр үкіметі Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіруге 181 млн фунт бөлді 
Мысыр үкіметі Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіруге 181 млн фунт бөлді 
Мысыр үкіметі Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіруге 181 млн фунт бөлді 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT