Мысыр телеарнасы бірнеше тележүргізуші келіншекке диетаға отыруды міндеттеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырда мемлекеттік телерадиокомпания басшылығы (ERTU) сегіз тележүргізушіні жұмыстан шеттетіп, артық салмақтан арылу үшін диетаға отыруға міндеттеді. Бұл туралы Би-Би-Си агенттігі.

Басшылық шешіміне сәйкес әйелдерге арықтау үшін бір ай берілген, нәтиже болса ғана сосын қайта эфирге шығатын болады.

Компания шешіміне шеттетілген жүргізушілер мен құқық қорғаушылар келіспей отыр.

Мысырлық құқық қорғау топтарының бірі «бұл шара конституцияға қайшы және әйелдерге қатысты күш зорлық көрсету болып табылатынын» мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар