Мысыр соты Мурсидің 149 жақтасын өлім жазасына кескен үкімнің күшін жойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырдың апелляциялық соты елдің бұрынғы президенті Мұхаммед Мурсидің 2013 жылдың жазында полицейлерді өлтіруде айыпталған 149 жақтасына өлім жазасын беру шешімін жойды.

Сот шешіміне сәйкес, бұл іс бойынша процесс қайта басталуы тиіс, деп хабарлайды Би-би-си.

Мысырда тыйым салынған «Ағайынды мұсылмандар» қозғалысының қатысушылары 2013 жылдың тамыз айында Каирдің маңындағы полиция учаскесіне шабуыл жасауда айыпталып отыр. Оқиға салдарынан 13 адам мерт болған.

2014 жылдың маусымында Мысырдағы сот «Ағайынды мұсылмандар» қозғалысының 183 мүшесін 2013 жылғы тәртіпсіздік ісі бойынша өлім жазасына кесті, алайда кейіннен үкімдердің біршама бөлігі ­күшін жойды.

Соңғы жаңалықтар