Мысыр президенті «Әл-Жазира» телеарнасының тілшісіне рақымшылық жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысыр елінің президенті Әбдел Фатах ас-Сиси тыйым салынған «Ағайынды мұсылмандар» қозғалысына көмектескені үшін жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген «Әл-Жазира» телеарнасының тілшісі, Австралия азаматы Питер Гристке рақымшылық жасады.

Мысырдың құқық қорғау органдарындағы ақпарат көздеріне сүйеніп сілтеме жасаған Sky News Arabiya телеарнасының хабарлауынша, Австралия тілшісі дереу өз еліне депортацияланады.

Бұдан бірнеше ай бұрын Мысыр президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси арнаның шетелдік тілшілеріне рақымшылық жасау мүмкіндігін ойластырып отырғанын мәлімдеген.

Каир қаласының қылмыстық соты өткен жылдың 23 маусымында Катардың «Әл-Жазира» телеарнасының жеті тілшісін жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын. Аталған БАҚ-тың тағы 11 өкілі шартты түрде 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Соңғы жаңалықтар