Мысыр пирамидасын тұрғызудың құпиясы ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Америкалық археолог Марк Ленер басшылық еткен зерттеушілер тобы Хеопс пирамидасының  құрылысы барысы суреттелген ежелгі папирусты тапты.

Атап айтқанда, құжатта мысырлықтардың 2,5 тонналық әктастар мен граниттер блогын 800 шақырым жерден қалай тасымалдағандықтарының құпиясы ашық көрсетілген, деп хабарлайды Daily Mail.

40 жұмысшының бақылаушысы болған автор мысырлықтардың Нил өзенін бұрып Гиза үстірті арқылы қалай жасанды су арнасын жасағандығын жазады. Құрылысшылар тасымалға арқандармен байланған ағаш қайықтарды пайдаланған. Оған блоктарды орналастырып, су арнасы арқылы пирамиданың тап түбіне жеткізген.

Тағі бір айта кетер жайт, папирустармен қатар Хеопс перғауынның билігінің сән-салтанатын білдіретін қайықтың да қаңқасы табылып отыр.  

Қазіргі заманғы ғылыми деректер бойынша, пирамиданың ішкі камерасындағы гранит Гизадан оңтүстікке қарай  860 шақырым қашықтықтағы Аусаннан, ал әктастар құрылыс орнынан 12 шақырым жердегі Тұр тауынан әкелінген.

Соңғы жаңалықтар