Мысық жабық контейнердің ішінде 49 күн жатқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиядағы Дарвин қаласында үй мысығы Пиппа ерекше оқиғаны бастан кешірді. Мысық жабық контейнердің ішінде тамақсыз, сусыз 49 күн қалып қойған.

Ақпан айының соңында мысық иесінің көршісі Дарвиннен Брисбенге көшетін болған. Ол үйіндегі жиһазы мен ірі заттарды тасымалдау үшін үлкен жүк контейнеріне тапсырыс берді. Заттар артылып жатқан шақта мысық контейнердің ішіне кіріп кеткен. Заттар артылып, контейнер жабылды да, Брисбенге тасымалдау үшін қоймаға жіберілді.

49 күннен кейін Брисбенге көшіп кеткен көрші өзінің контейнерін ашқан кезде оның ішінен қатты бүлінген қымбат матрасы мен тірі, бірақ өте азып кеткен сұр түсті мысықты тауып алды, деп хабарлайды ТАСС.

Қазіргі кезде сауығып кеткен Пиппа Брисбендегі ветеринарлық емханада иесінің қашан алып кететін күтуде. Дарвин мен Брисбеннің арасы 2,8 мыңнан астам шақырымға созылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар