Мысық түн ортасында иелерін оятып өрттен аман алып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австрияда мысық қалың ұйқыда жатқан иелеріне өрт жайлы дер кезінде ескерткендіктен, олар аман қалды. 

Оқиға 12 тамыз күні Австрияның Клайн-Санкт-Пауль қаласында болды, деп хабарлайды Heute газеті.

БАҚ мәліметінше, белгісіз біреу көппәтерлі үйге от қойған. Үй астындағы жайдан шыққан өрт бүкіл үйге тарай бастаған. Алайда пәтерлердің бірінде тұратын мысық қауіп төнгендігін сезіп, тынымсыздана мияулап иесін оятқан. Түтін иесін сезген әйел анасы мен сіңлісін оятқан. Олар қауіпсіз жерге шығып, өрт сөндірушілерді шақырды.

Пәтерлерге жетіп үлгерместен сөндірілген жалынның тұрғындарға еш залалы тиген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар