USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Мысық аюды иелерінің үйі жанынан қуып жіберді (ВИДЕО)

2015 жылғы 26 маусым 08:26
Бөлісіңіз:
Мысық аюды иелерінің үйі жанынан қуып жіберді (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аляскадағы Игл-Ривер елді мекенінде мысық аюды үй маңынан қуып жіберді. Үйдің кіреберіс есігіндегі терезеден қара аюды байқап қалған Нэни есімді мысық оған қарай секірген. Мұны күтпеген аю орманға қарай қаша жөнелген.

Үй иесі Дарлисс Эллиот мысығының мұндай қылығына қатты таңқалғанын айтады. Ол үй жануары әдетте қорқақ болғанын еске алды. Әйел мысықтың батыл әрекетіне артында үй иелерінің тұрғаны көмектескен болар деп шамалап отыр.

Аляскада мұндай оқиғалар кездейсоқтық емес. Қара аюлар адамдардың үйлеріне өте жақын келеді, сондықтан Эллиот үшін оның келуі тосынсый болған жоқ. Бұлар Аляска мен Канададан бастап Орталық Мексикаға дейінгі аймақты мекендейтін солтүстікамерикалық аю.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT