Мыс өндіретін компанияның акциясын сатып алып мол табысқа кенелуге болады – фейк

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы мыс өндіретін ірі компанияның акциясы сатылып жатқаны жайлы жалған ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде мыс өндіретін KAZ Minerals компаниясының инвестициялық бағдарламаларына қатыстып, серіктесіне айналып немесе акциясын сатып алып мол табысқа кенелуге болатыны туралы ақпарат тарады.

Компанияның корпоративтік байланыстар департаментінің басшысы Мақсұт Жапабаев бұның шындыққа сәйкес келмейтінін жеткізді.

«Алаяқтар қаржы институттарымен шектелмей, халықты алдау мақсатында экономиканың басқа секторларындағы брендтерді, оның ішінде KAZ Minerals-ты пайдаланып жүр. Компания азаматтарға арналған инвестициялық бағдарламаларды жүргізбейді. Жақында ол биржадан кетіп, жеке меншік компанияға айналды және енді оның еркін айналымдағы акциялары жоқ. Қазақстандықтарды қырағылық сақтауға, ақпараттық қауіпсіздік қағидаларын ұстануға, өзінің жеке деректерін ешкімге хабарламауға, күмәнді ақпаратты компанияның ресми ресурстары арқылы тексеруге шақырамыз. Ал ең бастысы – таныс-туыстарыңызға «қыруар қаржы әкелетін» қадамдарға бармау керектігін ескертіңіз», - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да сел және лай көшкіні қаупі бар кезең басталғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар