+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.16 EUR 425.95
RUB 6.01 CNY 54.51
Jańalyqtar

Мырзатай Жолдасбеков жерлестерімен жүздесті

2019 жылғы 12 қыркүйек 02:11
Бөлісіңіз:
Мырзатай Жолдасбеков жерлестерімен жүздесті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков туған жері Тараз өңіріне келіп, жерлестерімен жүздесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Мемлекет қайраткерi, ғылым докторы, профессор, белгiлi дипломат, әдебиетшi-ғалым Мырзатай Жолдасбековпен рухани кездесу өтті. Басқосуда әңгіме арқауына айналған тақырып – облыстың 80 жылдығына орай жарық көретін көптомдықтың дайындалу барысы болды.

Жамбыл облысының 80 жылдығы қарсаңында көптомдық шығару қолға алынып жатқаны белгілі. Оған өңіріміздің тарихына қатысты мәселелермен қатар, ел аузында сақталған деректер топтастырылмақшы. Облыстық мемлекеттік архивтің мұрағаттанушысы Мақұлбек Рысдәулеттің айтуынша, облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасымен дайындалып жатқан көптомдықтың алғашқы легі дайындалып, баспаға жіберілген. Бұл, облыстың 80 жылдық мерейтойына арналған айрықша тарту болмақ.

Басқосуда елдің келешегі, тарихы, жас ұрпақтың жарқын болашағы турасында келелі әңгімелер айтылды. Ал Мырзатай Жолдасбеков көптомдықты әзірлеу барысында асығыстыққа жол беруге болмайтынын, бұл іске жауапкершілікпен қарау керектігін жеткізді.

«Жас ұрпақ елдің, өңірдің тарихын, өзінің түп тамырын біліп жүруі тиіс. Сондықтан сіздердің жасап жатқандарыңыз – алғыс айтуға, құрмет көрсетуге тұрарлық ізгілікті бастама. Бірақ асықпау керек. Жан-жақты саралап, жеті рет өлшеп, бір рет кескен жөн. Мәліметтердің бұрмаланбауына назар аударыңыздар. Білмегенді сұраудың ешқандай да сөкеттігі жоқ. Білмегендеріңіз болса ақыл-кеңес айтып, көрген-түйгеніммен, қолымда бар деректермен бөлісуге дайынмын», – деді Мырзатай Жолдасбеков.


Кездесуде келелі кеңес айтқан ғалым өзінің бірқатар құнды еңбектерін Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қорына сыйға тартты.

Бұдан кейін ол Тараз қаласындағы «Мөлдір» мейрамханасында өңірдің белгілі тұлғаларымен, зиялы қауыммен, мәдениет пен өнер, әдебиет, руханият саласының өкілдерімен жүздесті. Жиында облыс әкімі Асқар Мырзахметов сөз сөйлеп, еліміз Тәуелсіздігінің қалыптасу жылдарында Елбасының сенімді серігі болған, көрнекті ғалым Мырзатай Жолдасбековтің мемлекеттің дамуына қосқан зор үлесіне тоқталып, жерлестері атынан деніне саулық, отбасына амандық, жұмыстарына табыс тіледі.

Сондай-ақ жиынға қатысқандардың барлығына М.Жолдасбековтің «Тәуелсіздік тағылымы», «Күндерімнің куәсі», «Кіндігімді кескен жұрт», «Асылдарым», «Шіркін, дәурен!» кітаптары таратылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT