Мырзалин Жақсы ауданындағы егін алқаптарын аралап көрді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Мəлік Мырзалин жұмыс сапарымен Жақсы ауданында болып, бірқатар əлеуметтік-өндірістік нысандардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Аймақ басшысы алдымен аудандағы іргелі шаруашылықтардың бірінен саналатын «Айбат» ЖШС-нің егін алқаптарындағы астықтың пісіп, жетілуіне назар аударды.

 Биыл Жақсы ауданында 433 мың гектар жерге дәнді дақылдар себілген. Қазіргі кезде ауданда орақ науқанына дайындық жұмыстары пысықталуда. Серіктестік директоры Асқар Жапаровтың сөзінше, алдағы екі аптадан соң диқандар күзгі егін орағы науқанын бастамақ.
Осы күні облыс әкімі аудандық ауруханада да болды. Мұнда былтыр күрделі жөндеу жүргізіліп,  биыл хирургия және терапия бөлімдеріне медициналық қондырғылар сатып алынған.
null

  Облыс әкімі Тұрсынбек Уәлиев атындағы спорт мектебінде де болды. Айта кетейік, аталмыш спорт мектебі, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынған. Мұнда бокс, волейбол, баскетбол, күрес пен футбол секциялары жұмыс істейді. Соңғы 15 жыл бойы «Агрофирма TNK» ЖШС қамтамасыз етіп келген спорт мектебінде нағыз спорт шеберлері тәрбиеленуде.
Мəлік Мырзалин «Урожай» ЖШС-нің жаңа жобасы - жарма дайындайтын өндіріс орнының жұмысымен де танысты. Кәсіпорын басшысы  Габиден

  Бралиннің айтуынша, тәулігіне 50 тонна жарма өндіретін жоба жыл аяғына дейін іске қосылмақ. Бүгінгі күні серіктестік астықты сақтап, кептіріп, тазартумен айналысады. Наубайхана да жұмыс істейді. Өндіріс орнының жұмысымен танысқан облыс әкімі, агроөндірістік саласында терең өңдеудің маңыздылығын айтып, бұл тұрғыда  жұмысты жандандыруды тапсырды.

null

 Жақсы ауданында 2010 жылы МИИБ аясында алғашқы болып жүзеге асырылған жобалардың бірі «AgroComplexExpert» ЖШС. Осы уақыт ішінде өзінің тиімділігін дәлелдеген зерттеу орнының мамандары, былтыр 10 мың гектар алқапта зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ал биыл тұқым сапасын анықтайтын жаңа зертхана ашуды жоспарлап отыр.  
null

Соңғы жаңалықтар