Мырзалин мен Мирзаев əріптестік туралы меморандумға қол қойды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы мен Өзбекстан Республикасының Сырдария облысы əріптестік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі əкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мəліметінше, бүгін Шымкент қаласында Қазақстан мен Өзбекстан Республикалары арасында əріптестік туралы өңіраралық форум өтті. Форумға Ақмола облысының ауыл шаруашылығы, кəсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының, кəсіпкерлік палатасы өкілдері, кəсіпкерлер қатысты.

Форумда Ақмола облысының әкімі Мəлік Мырзалин мен Өзбекстан Республикасы Сырдария облысының хокимі Гофуржон Мирзаев өңірлер арасында əріптестік туралы меморандумға қол қойды.

«Сырдария мен Ақмола облыстары арасында қарым-қатынас соңғы кездері қарқынды дамуда. Көкшетауда біз құны 20 миллион АҚШ доллары жəне «Новопэк» ЖШС-мен 10 миллион АҚШ доллары болатын экспорт бойынша инвестициялық келісім жасадық. Сырдария мен Ақмола облыстарының ұқсастығы көп. Сондықтан экономиканың өзге де салаларын бірлесіп дамытамыз», - деді Сырдария облысының хокимі.

null

Тараптар экономика, сауда, туризм, денсаулық, мəдениет жəне спорт саласында əріптестік орнатпақ.

Еске сала кетейік, Ақмола облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы сыртқы сауда айналымы 2017 жылы 72 миллион АҚШ долларын құрады. Өңірлермен тікелей сауда байланысы тұрғындардың əлеуметтік маңызы зор тауарларға делдалсыз қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Ақмола облысынан картоп, көкөніс, бидай, арпа, жүгері, ұн, күнбағыс тұқымы, жидек шырыны, əктас, қаптар Өзбекстанға экспортталады.

Соңғы жаңалықтар