Мырзағалиев: Балық шаруашылығын дамыту арқылы 50 мың жұмыс орнын ашуға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкіметтен балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын қолдауды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, бүгін Мағзұм Мырзағалиев Үкіметке балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын таныстырған болатын.

Үкімет отырысында министр бағдарламаның іске асыру арқылы 10 жыл ішінде 2,2 трлн теңгеге 1,1 млн тонна балық өсіруге болатынын атап өтті.

«Екіншіден, балық өнімдерін ішкі тұтынуды жылына 134 мың тоннаға дейін ұлғайтуға болады. Бұл балықты тұтынуды бір адамға төрттен сегіз килограмға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Яғни Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдары 50%-ға орындалады. Үшіншіден, экспорттық түсімді 330 млн АҚШ долларына дейін ұлғайтуға қол жеткізуге болады. Төртіншіден, алабалық және бекіре тұқымдас балық өндірісін ұлғайту есебінен импорт көлемі 45 мың тоннадан 25 мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік береді», - деді Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында.

Министр бұдан басқа бағдарлама 50 мың қосымша жұмыс орындарын құруға және басым түрде ауылды жерлерде халықтың табысын арттыруға ықпал ететінін мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар