Мыңнан астам кездесу: Nur Otan-нан сайланған мәжілісмендер шалғай елді мекендерге аттанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - үгін еліміздің аймақтарында «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері – мәжілісмендердің халықпен кездесулері басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтарды толғандыратын өзекті де түйінді мәселелерді талқылауға және партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жергілікті жерлерде іске асыру сапасын талдауға ерекше назар аударылады.

Нұротандық депутаттар облыс және аудан орталықтарына ғана емес, шалғай елді мекендерге де барады.

Әр өңірдің өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі қарастыру үшін кәсіпорындардың, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінің еңбек ұжымдарымен кездесулер жоспарланған. Сонымен қатар, халық қалаулылары азаматтарды қабылдау өткізеді.

Жалпы халық қалаулылары сайлаушылармен мыңнан астам кездесу өткізеді.

Олар екі кезеңде: осы жылдың 7-16 шілдесі мен 19-28 тамызы аралығында өтеді. Кездесулер барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілетін болады.

Айта кету керек, Мәжілістің VII шақырылымының бірінші сессиясында Палатаның қарауында 86 заң жобасы болды, оның 49-ы мақұлданып, Сенатқа жолданды.

Партияның баспасөз қызметі атап өткендей, «Nur Otan» фракциясының мүшелері өздерінің заң шығару бастамасы құқығын белсенді пайдалана отырып, 10 заң жобасын әзірледі.

Олар индустриялық-инновациялық даму, қаржы, банк жүйелері, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, өңірлік даму және басқа мәселелерге қатысты 94 депутаттық сауал жолдады.


Соңғы жаңалықтар