+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Мыңнан астам астаналық отбасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін табысын жасырған

2019 жылғы 16 тамыз 10:00
Бөлісіңіз:
Мыңнан астам астаналық отбасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін табысын жасырған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін астаналық отбасылар табысын жасырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл 2 миллионнан астам қазақстандыққа АӘК тағайындалды Маңғыстау облысында 346 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған Президент жәрдемақы алу үшін алаяқтыққа барғандарды қатаң жазалауды тапсырды

«Биыл атаулы әлеуметтік көмек алудың форматы өзгерді. Жаңа форматқа сәйкес жыл басынан бері 5 669 елордалық отбасы аталған көмекке ие болды. Сондай-ақ, біз отбасылардың табысын тексеруге кіріспекпіз. Оған себеп атаулы әлеуметтік көмек алу мақсатында табысын жасырған 1 118 отбасы анықталды. Айта кету керек, бұл отбасылардың теріс әрекеті уақытында анықтап, оларға атаулы әлеуметтік көмек беруден бас тарттық. Сондықтан да тексеру нақты осы көмекке мұқтаж жандарды анықтауға септігін тигізеді деген ойдамыз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина қалалық мәслихат отырысында.

Дегенмен басқарма басшысының сөзіне сенсек табысын жасырып, АӘК-ті алып үлгерген отбасылар бар болып шықты.

«Табысын жасырған отбасылар инвентаризация жүргізу барысында анықталып отыр. Ендігі уақытта осындай әрекет үшін өтінім иесімен қоса, жұмыс беруші де жауап беретін болады. Біз бұл мәселені әрбір отбасымен жеке талқылауды қолға алмақпыз. Алғашқы уақытта оларға алған жәрдемақыны қайтару керектігі ескертіледі. Егер өз еріктерімен қайтармаған жағдайда сотқа жүгінетін боламыз», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT