Мыңнан аса қазақстандық онлайн-волонтер ЮНИСЕФ-тің науқанын қолдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүкіл Қазақстан бойынша бір жарым мың онлайн-волонтер ЮНИСЕФ-тің #ПайдасыБарКарантин науқанын қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«БҰҰ-ның Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) «Ұлттық волонтерлік желісімен» бірлесе отырып, АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауымен COVID-19 таралуын алдын алу және карантин кезіндегі жастардың денсаулығын қолдауға бағытталған онлайн-волонтерлік бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асырды. #ПайдасыБарКарантин науқаны аясында жас волентерлер апта сайын әртүрлі тақырыптар бойынша оқыту вебинарларына қатысады: карантин кезіндегі қауіпсіздік, факт-чекинг және коронавирус туралы дезинформацияны анықтау тәсілдері, эмоционалды денсаулықты қолдау, стресске қарсы тұру және тағы басқа тақырыптар. Оқу барысында алған білімдерімен айналасындағы адамдармен әрі қарай бөлісу мақсатымен жастарға әртүрлі тапсырмалар беріледі», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, науқанды Қазақстанның барлық аймақтарындағы 14 пен 40 жас аралығындағы 1500-ге жуық адам қолдады. Алдын ала есеп бойынша, бұл бастаманың арқасында еріктілер бүкіл Қазақстан бойынша шамамен 400 000 адамды қамтуы мүмкін.

«Волонтерлік шаралар маған күн сайын қоғам мен әлемге өз үлесімді қосуға мүмкіндік береді. Бұл қадамдар адамдарға көмектесу үшін дағдылар мен білімімді пайдалануға жол ашады. Мен ЮНИСЕФ-тің бұл бағдарламасы жастарға карантинге байланысты туындаған стрессті жеңуге және болып жатқан жағдайдың жақсы жақтарын көруге көмектесетініне шын жүректен сенемін», - деді 19 жастағы онлайн-волонтер Аида.

Сонымен қатар, COVID-19-ға қатысты ақпараттан басқа, науқанға қатысу арқылы жастар болашақта мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектесетін түрлі тақырыптар аясында жаңа дағдыларды үйренуде.

«Біз осы волентерлік бағдарламасы аясында қатысып жүрген жастардың санының артып келе жатқандығына өте қуаныштымыз. Бағдарлама коронавирусқа байланысты жағдай пайда болғанға дейін іске қосылған болатын. Алайда жаңа жағдайларды ескере отырып, біз бағдарламаны онлайн форматқа көшірдік. Бүгінде біз бұл жаңа бағдарламаның жастардың қызықтыратынын көріп отырмыз, белсенді қатысу арқылы олар үйден шықпай-ақ, COVID-19-ға қарсы күресте өз үлестерін қосуда. Айта кетсек, 2020 жыл - волонтерлер жылы. Сондықтан бұл шара аталған жобаны бастау тұрғысында бізді жігерлендірді», - деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен.


Соңғы жаңалықтар